Otpan News Logo

Мамыр айында қасқырдың жағы неге қарысып қалады?

Мамыр айында қасқырдың жағы неге қарысып қалады?
ашық дереккөзден

Бесқонақ өткен соң мамыр айының 19,20,21 күндері "Құралай салқыны" болады. Қазақта бұл кезеңді киіктердің көбею процесі болатын уақыт деп атаған. Киіктер текті тұқым көбейту үшін осы уақытта тұқым салады деседі. Бұл кезеңде аналық киіктер желге қарсы жүгіріп төлдейді, құралайдың кіндігі түседі. Бір қызығы қатты соққан жел киіктердің тез төлдеуіне көмектеседі екен.

 

Киік лақтарын туып, далаға жыңғылдың арасына тастап кетеді. Дәл осы сәтте 3-4 күнге ауа-райы күрт суып, жел басталады. Бұл да табиғаттың жануарға деген мейірімі. Киік төлдер уақытта күннің суық болуы, етке құмар жыртқыш аңдардың тәбетін қашырып, жағын қарыстырып тастайды екен. Тек құралай аяғына тұрып, енесіне еріп жүре алатын шақта ғана жырқыштардың тәбеті қайта оралады.

 

Үлкендердің айтуынша, кез келген аналық құралайды емізіп, бауырына баса алады. Бұл кішкентай лақтардың қараусыз жетім қалмауына септігін тигізеді. Осылайша құралай 3 күнде аяғына нық тұрады. Құралай қатты соққан желге қарсы жүгіріп, тынысын ашып, үйірге қосылып кетеді.

 

Киік төлдер кезде сайын далада түйетабан өсімдігі шығады. Оның жасылдау, қызғылт үлкен жапырақтары жаңа туған құралайды қырағы көз бүркіттен жасырып тұрады. Қазақ киікті қасиетті жануарлардың қатарына қосып, қызына Құралай есімін берген. Әдемі бойжеткенді Ақбөкенге теңеп, құралай көзді деп сипаттаған. Ел аузында қалған осындай аңыз-әңгімелерге сүйене келек, киіктің қазақ үшін киелі жануар екен біле аламыз. 

95
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!