Маңғыстау ауданында жоғалған мал дрон көмегімен іздестіріліп жатыр
Апта басында Маңғыстау ауданында нөсер жауыннан кейін батпаққа батып, 160-тан астам жылқының қырылғаны туралы otpannews.kz жазған болатын.
Қырылған малдың өлекселері Сайөтес ауылы мен 7-разъезд арасындағы теміржол бойынан еді.
Мал шығынына қолайсыз ауа райы кезінде туындаған қатты жел мен нөсер жаңбыр себеп болғаны айтылды. Бағытынан адасқан жануарлар жетуі қиын аумақтарға кіріп кетіп, батпаққа батып қырылған. Кейбір табындар елді мекендерден 60-80 шақырым қашықтықта жойылып кеткен болуы мүмкін.
«Қазіргі уақытта нақты деректер анықталып жатыр. Себебі жағдайдың күрделілігіне байланысты иелері мал басын толық есептей алмай отыр. Жағдай ерекше бақылауда. Мал иелерімен жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ заманауи мониторинг құралдары мен арнайы техника тартылған. Бейнеу ауданынан "Трэкол" жол талғамайтын көлігі жіберілді. Жоғалған малды іздеу үшін дрондар арқылы мониторинг ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша мұнай-газ кәсіпорындарына қосымша техникалық қолдау көрсету тапсырылды», – деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев