Otpan News Logo

Батыс өңірінің гвардияшылары спорттық және жауынгерлік самбодан чемпион атанды

|
19.04.2026 11:10
Батыс өңірінің гвардияшылары спорттық және жауынгерлік самбодан чемпион атанды

Оралда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының спорттық және жауынгерлік самбодан чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған дода әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене дайындығы жүйесіндегі маңызды оқиғаға айналды, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Республикалық деңгейдегі турнир ҚР ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының кубогы үшін ұйымдастырылып, өңірлік қолбасшылықтардың үздік спортшыларын жинады. Үш күнге созылған жарыста татамиде тартысты әрі ымырасыз белдесулер өтті. Шамамен жүзге жуық гвардияшы жоғары шеберлігін, қайсарлығын және тамаша физикалық дайындығын көрсетті.


Әр салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталып, жекпе-жектердің деңгейі қатысушылардың дайындығы жоғары әрі бәсекенің күшті болғанын көрсетіп отыр. 


Марапаттау рәсіміне ҚР ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Аңсаған Балтабеков пен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысты. Олар өз сөздерінде мұндай жарыстар әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын нығайтып, мінезін шыңдайтынын және үздіксіз жетілуге деген ұмтылысын қалыптастыратынын атап өтті.


Командалық есеп қорытындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері айқын басымдықпен жеңіске жетті. Екінші орынды «Оңтүстік» командасы иеленсе, үздік үштікті «Орталық» өңірлік қолбасшылығының өкілдері түйіндеді.


Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері алдағы уақытта мамыр айында Семей қаласында өтетін Ішкі істер министрлігінің кубогында Ұлттық ұлан намысын қорғайды.

83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!