Otpan News Logo

Ақтау тұрғындары теңіз жағалауында сенбілік өткізді

|
18.04.2026 14:30
Ақтау тұрғындары теңіз жағалауында сенбілік өткізді

Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кезекті сенбілік жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қала тұрғындары 15-шағын аудан мен «Самал-1» аумағындағы теңіз жағалауына жиналып, қоршаған ортаны тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.


Ауқымды тазалық шарасына 1500-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында еріктілер, жастар ұйымдарының мүшелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және қала тұрғындары бар. Қатысушылар теңіз жағалауындағы тұрмыстық қалдықтарды, пластик бөтелкелерді, қағаз бен өзге де қоқыстарды жинап, арнайы белгіленген орындарға шығарды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, сенбіліктің негізгі мақсаты - қала тазалығын сақтау ғана емес, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. 


Мұндай шаралар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүйелі түрде өткізіліп келеді.

Тазалық жұмыстары барысында жағалау аумағы айтарлықтай тазарып, демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалды. Сонымен қатар қатысушылар арасында табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


«Бүгінгі сенбілікке үлкен ықыласпен қатыстым. Туған жеріміздің тазалығы – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осындай шаралар адамдарды біріктіріп қана қоймай, табиғатқа деген жауапкершілікті арттырады деп ойлаймын. Болашақ ұрпаққа таза жағалау қалдыру – біздің парызымыз», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Берік Сералиев.
154
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!