Маңғыстау облыстық бокс федерациясының президенті ауысты
Фото: ҚР бокс федерациясы
Маңғыстау облыстық бокс федерациясының президенті ауысып, бұл қызметке Марат Мағзумов сайланды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ақтауда өткен кезекті жиында Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов пен вице-президенті Болат Әбдірахманов өңірдің бокс қауымдастығына жаңа басшыны таныстырды.
«Жиын барысында өңірлік федерацияның жаңа президенті сайланды. Марат Нұрланұлы Мағзумов – 45 жаста, Маңғыстау облысының тумасы. Құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар, оның басым бөлігін басшылық қызметтерде атқарған. Қаржылық тергеу, құқық қолдану тәжірибесі және ішкі қауіпсіздік салаларында терең білімі бар. Прокуратура және қаржы полициясы органдарында жұмыс істеген», – деп жазылған федерация хабарламасында.
68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев