Маңғыстауда 102 дәрігер жетіспейді
ашық дереккөз
Kazinform.kz-тің жазуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 3 869 дәрігер жетіспейді. Оның ішінде ауылдық жерлерге 803 маман керек. Ауылдық жерлерде дәрігер тапшы өңірлердің қатарында Маңғыстау да бар. Мұнда 102 дәрігер жетіспейді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Сонымен қатар Түркістанға 144, Солтүстік Қазақстанға 92, Ақмолаға 83 және Батыс Қазақстан облысына 60 дәрігер маман керек.
Айта кетейік, ауылдық жерге жұмысқа барған мамандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 сәуірдегі Заңына сәйкес, ауылдық жерлерде кемінде бес жыл жұмыс істеу үшін келген аса тапшы мамандықтар бойынша медициналық қызметкерлерге 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем беріледі, бұл қарастырылып отырған кезеңде 8,5 млн теңге болды. Сонымен қатар 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аталған төлемдерді қаржыландыруды қамтамасыз ету және тиісті шешімдерді қабылдау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады, - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, елімізде ауылдарға жұмыс істеуге жіберілген 529 медициналық қызметкер біржолғы (8,5 млн теңгеден) төлемді алды.
68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев