Otpan News Logo

Ақтауда 12 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

|
19.04.2026 10:33
Ақтауда 12 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында баспаналы болған 12 отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Бақытты қоныс иелерінің қатарында көпбалалы аналар, әскери қызметшілер және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар бар. Аталған азаматтардың басым бөлігі «Отбасы банк» арқылы жүйелі түрде қаражат жинап, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланған.

 

«Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп, қала тұрғындарына жалдамалы пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстадық. Сонымен қатар, банк арқылы жүзеге асырылып жатқан «Наурыз» және әскери қызметшілерге арналған «Әскери баспана» бағдарламаларының қатысушылары да өз үйлеріне қол жеткізді», – деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Медет Әбуғалиев.

 

Өз кезегінде жаңа баспананың иелері көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті. Айта кетейік, табысталған пәтерлер Ақтау қаласында тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топтар тізімінде кезекте тұрған азаматтарға берілді.

 

Кезек тәртібімен үлестірілген бұл тұрғын үйлер «Отбасы банк» арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана бағыты аясында табысталды. Бұл тетік азаматтардың тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешуге және мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

 

107
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!