Otpan News Logo

Бейнеулік бойжеткен TikTok-тағы балағат сөзі үшін айыппұл арқалады

Бейнеулік бойжеткен TikTok-тағы балағат сөзі үшін айыппұл арқалады

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында TikTok желісіндегі тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған 19 жастағы қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталған. Бейнеу ауданының тұрғыны 2 қараша күні Ақтауда тікелей эфир жүргізіп, балағат сөздер айтқан әрі өзгелерге құрметсіздік танытқан.


Бұл дерек бойынша оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен 15 АЕК, яғни 64 875 теңге айыппұл салынды.


Полиция департаменті әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заң алдында жауапкершілік бар екенін ескертті.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!