Otpan News Logo

Маңғыстау облысының әкімі Мұнайлы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

|
11.11.2026 21:47
Маңғыстау облысының әкімі Мұнайлы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданына жұмыс сапары аясында тұрғындармен кездескеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.


Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үймен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік көмек алу, құқықтық мәселелер, жол инфрақұрылымын жақсарту, жұмыссыздық және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.


Қабылдауда айтылған әрбір мәселе бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, оларды шешу тетіктері қарастырылды. Облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына тұрғындардың өтініштерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты зерделеп, көтерілген мәселелердің оң шешімін табу бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

17
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!