Otpan News Logo

Даму мен өркендеудің бағдары

|
12.11.2026 09:29
Даму мен өркендеудің бағдары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауын отбасыммен бірге отырып тыңдадым. Бұл – еліміздің алдағы 3-4 жылдағы даму бағытын айқындайтын тарихи құжат.


Соның ішінде «2027 жыл – жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы» деп жарияланып, Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлу туралы шешім – халық игілігіне бағытталған батыл қадам.


Қарақия ауданы үшін бұл Жолдаудың маңызы зор. Біздің ауданда бүгінде газ бен ауыз су мәселесі шешілген. Ендігі кезекте тұрған басты мәселелер – тұрғын үй құрылысы, жастар арасындағы жұмыссыздық және ауыл инфрақұрылымын жаңарту.


Президенттің: «Жаңа жолдар салынып, вокзалдар мен әуежайлар жаңартылады. Ауруханалар, спорт кешендері, кітапханалар мен шығармашылық үйлері бой көтереді. Тұрғын үй құрылысы жалғасады», – деген сөзі әсіресе шалғай аудандар үшін үлкен үміт сыйлады.


«Халықтық құрылыс» бағдарламасы – бұл жай ғана ғимарат салу емес. Бұл – мыңдаған жаңа жұмыс орны, жастардың ауылда қалуына мүмкіндік, отбасылардың баспаналы болуы.


Мемлекет басшысының Жолдауын ардагерлер қауымы зор ықыласпен қабылдады. Президенттің «Ұлттық қор – қазына емес, дамудың құралы болуы керек» деген ұстанымы – өте дұрыс. Қордағы қаржыны халық игілігіне, құрылысқа, жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсау – болашаққа салынған инвестиция деп ойлаймын.


Біздің аудандағы басты мәселе – жастар. Жастарға жұмыс керек, баспана керек. Жолдауда айтылған тұрғын үй құрылысын жандандыру, ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге көтеру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету осы мәселелердің түйінін шешеді. Ардагерлер атынан айтарым, біз Жолдауды толық қолдаймыз. Бұл – елдің ертеңін ойлаған, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты жоспар. Ендігі міндет – осы жоспарды бірлесіп жүзеге асыру. Жолдау – жай сөз емес, нақты істердің бағдарламасы. Қарақиялық ардагерлер де, жастар да Президент саясатын қолдап, ауданның дамуына өз үлестерін қосуға әзір.


Ержан БЕГНИЯЗОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

3
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!