Otpan News Logo

Тұрғын үй мен жұмыс мәселесі: Маңғыстаулықтар әкім қабылдауында қандай сауал көтерді?

Тұрғын үй мен жұмыс мәселесі: Маңғыстаулықтар әкім қабылдауында қандай сауал көтерді?

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қабылдауға алдын ала кезек тәртібімен жазылған азаматтар қатысып, өңірдегі өзекті әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, әлеуметтік қолдау, еңбек даулары мен инфрақұрылымға қатысты өтініштерін жеткізді.


Кездесу барысында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылындағы жерасты суының көтерілуінен үйлерді су басу мәселесі де сөз болды. Сонымен қатар тұрғындар балалар ойын алаңын салу, тұрғын үй кезегі, өндірістік мекемелерге жұмысқа орналасу және еңбек құқықтарын қорғауға қатысты сауалдарын қойды.


Өңір басшысы әрбір азаматтың өтінішін жеке тыңдап, мәселелерді заң аясында қарастыру үшін жауапты басқармалар мен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді.


Облыс әкімінің қабылдауы барысында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, олардың шешу жолдары тиісті сала басшыларымен бірлесіп пысықталатыны айтылды.

36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!