Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу бойынша жүйелі мәселелерін шешу туралы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде азаматтарға бағытталған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Қазіргі әлемдік практикада мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделі айтарлықтай белсенді дамуда.
Мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделінің негізінде бір жағынан, ел азаматтарының, екінші жағынан, мемлекеттік қызметтің өзара міндеттемелерін бекітетін нормалар қамтылады.
Осыған байланысты, Агенттікпен мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өтініштерін жедел қарау мақсатында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, адамға бағдарланған сервистік аппарат қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердегі ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету және саланы цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қызмет атқарады.
Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушылардың құқықтары өтініштер негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер, жоспарлы тексерулер, сұрау салулар, қашықтықтан бақылау нәтижелері және «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы қалпына келтірілуде.
Құқықтары қорғалған азаматтардың басым бөлігі жер қатынастары және сәулет-қала құрылысы салаларына қатысты мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш білдірген.
Жыл басынан бері Департаментке келіп түскен шағымдардың ішінде 9-ы жоспардан тыс тексеру, 47-сі сұрау салу арқылы қаралды. Нәтижесінде, дәлелденген шағымдар бойынша қызмет алушылардың құқықтары толық қалпына келтірілді.
Департаментпен 1 тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесінде барлығы 13 335 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі қызмет көрсету тәртібін сақтамау, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және өзге де бұзушылық деректері болып табылады.
Анықталған бұзушылықтарға қатысты лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 10 хаттама және 10 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара қолданылды.
Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірқатар профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Елге қызмет» телебағдарламасы, «Ең алдымен адамдар» бағдарламасы аясында семинарлар және де түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Бұған қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін талдау нәтижесі бойынша тұрақты негізде ұсыныстар әзірленуде, оның ішінде құқықтық реттеу, автоматтандыру және мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бағыттары қамтылған.
Осы ретте, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтарға тап болған азаматтар Департаментке тікелей жүгінуіне немесе «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы шағым түсіруіне болады.
Мекенжай: Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 71 ғимарат, 2-қабат
Тоқтамыс Жұмағұлов
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы