Otpan News Logo

Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

|
28.05.2026 14:57
Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

Қазақстан мектептерінде жол жүру ережесі (ЖЖЕ) жеке пән ретінде оқытылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.

 

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән пайда болады.


"Оған жол жүру ережелерімен қатар балалардың қауіпсіздік мәселелері де кіреді. Пән сабақ кестесіне енгізіледі. Сондай-ақ онда жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары қарастырылған. Балаларды дайындау қажет болатын барлық өзекті мәселе ескерілді", - деді Жұлдыз Сүлейменова Тәуелсіздік сарайы кулуарында.


Оның айтуынша, бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен "Өркен" орталығы әзірлеген. Пәнді педагогтар мен психологтар жүргізеді. Ол 5-9 сыныптар аралығында енгізіледі.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!