Otpan News Logo

Ақтауда мемлекеттік айыптаушылардың көшпелі сессиясы өтіп жатыр

|
28.05.2026 14:08
Ақтауда мемлекеттік айыптаушылардың көшпелі сессиясы өтіп жатыр

Ақтауда мемлекеттік айыптаушылардың үшінші республикалық форумының көшпелі сессиясы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Онда экологиялық және сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаудың өзекті мәселелері талқыланып жатыр.


Форум жұмысына Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының мемлекеттік айыптаушылары қатысты. Іс-шараға қатысушыларға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы МТекетаев пен Маңғыстау облысының прокуроры С.Көшәлиев құттықтау сөз сөйледі.


Форум сессиясын Бас прокуратураның Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы М.Ахметов ашып, мемлекеттік айыптауды қолдау сапасы мен сот-тергеу тәжірибесін жетілдіруге бағытталған көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті.


Қызмет басшысы жазаның бұлтартпастығы мен әділ сот төрелігін қамтамасыз ету бөлігінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының базалық қағидаттарын сақтау қажеттігін ерекше атап өтті. Ол талқыланып отырған санаттағы істер бойынша тергеу жүргізу және мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары мен прокурорлар кездесетін бірқатар проблемаларды атады.


Сондай-ақ, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және мемлекеттік айыптауды қолдаудың проблемалары мен ерекшеліктері туралы судьялар, адвокаттар, заңгер-практиктер, прокурорлар, полиция және ұлттық қауіпсіздік органдары департаменттерінің басшылары баяндама жасады.


Екі күн бойы форум қатысушылары көтерілген өзекті мәселелер бойынша идеяларымен және практикалық шешімдерімен бөлісетін болады. Форум қорытындысы бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуде айтылған проблемаларын шешуге бағытталған нақты ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.


53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!