Otpan News Logo

Еліміздің үш қаласында жүргізушісіз такси іске қосылады

|
28.05.2026 16:09
Еліміздің үш қаласында жүргізушісіз такси іске қосылады
kazinform.kz

Жүргізушісіз такси жобасын жүзеге асыруға дайындық жалғасып жатыр. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме жасап.


Оның сөзінше, жоба Yandex және inDrive компанияларымен бірлесіп атқарылады.


«Қазір қажетті реттеуші базаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол алдағы уақытта технологияны елдің өзге қалаларына енгізуге мүмкіндік береді»,- деді Жаслан Мәдиев.


Жоба үш қалада – Астанада, Алматыда және Қосшыда іске асырылатыны белгілі. Жүргізушісіз такси жүйесін тестілеу 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!