Otpan News Logo

Ақтаудағы Banu Tulegen сән үйі мұражайға ұлттық киім тапсырды

|
27.05.2026 15:08
Ақтаудағы Banu Tulegen сән үйі мұражайға ұлттық киім тапсырды

Ә. Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайында Banu Tulegen сән үйінің жабық көрсетілімі өтті. Іс-шарада “Бозжыра” коллекциясы таныстырылып, музейге ұлттық киім табысталды, деп хабарлайды otpannews.kz cайты. 


Ә. Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайында ХІХ ғасырдың ортасынан бері сақталып келе жатқан 83 мыңнан астам экспонат сақтаулы. Биыл музейде жаңа жоба басталды. “ХХІ ғасырдағы қазақтың ұлттық киімдерінің заманауи және дәстүрлі үлгілері” деп аталатын жоба аясында өңірдегі сән үйлері мұражай қорына өз өнімдерін тапсырады. 


Бұл бастаманы алғаш болып қолдаған дизайнерлердің бірі – Гүлбану Төлегенқызы. Музей директоры Эльвира Абланованың айтуынша, аталған жобаға 150 сән үйін тарту жоспарланған. 


«2026 жылы Ә. Кекілбайұлы атындағы тарихи өлкетану-мұражайында ХХІ ғасырдағы ұлттық киімдерді сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгінгі киімдерді экспонат ретінде сақтауды көздейтін жоба басталды. Осы жобаға алғашқылардың бірі болып атсалысқан – Banu Tulegen сән үйі. Осы уақытқа дейін 10 ателье өз киімдерін экспонат ретінде тапсырды. Ал бүгін дизайнер Гүлбану ханымның “Бозжыра” коллекциясының таныстырылымы өтті»,- деді музей директоры Эльвира Абланова. 


Дизайнердің айтуынша, бұл коллекция – туған жерге деген патриотизмнен бастау алып, өлке сұлулығынан шабыттанып туған дүние. 


«Ә. Кекілбаев атындағы мұражайда жақында ғана жарық көрген “Бозжыра” атты коллекциямызды дефиле барысында көрерменге ұсындық. Бұл туынды туған өлкеміз Маңғыстаудың әсем табиғатына деген махаббаттан туған. Қазір Маңғыстау даласы бүкіл әлем назарында деуге болады. Шетелдік туристер, тіпті атақты адамдар да Маңғыстаудағы Бозжыра, Қызылкүп сияқты әдемі жерлер үшін арнайы келеді. Байырғы Тетис мұхитының тарту еткен бұл байлықтары әр қазақстандықтың мақтанышына айналып отыр. Сондықтан мен де осындай табиғи байлығымыздан қанаттанып, қиялымды мата арқылы көрсеттім. Сондай-ақ сән үйінің атынан осы коллекция ішіндегі ұлттық киімдерден құралған образды музейге тарту еттік. Музей қызметкерлерінің айтуынша, бұл музей тарихында алғаш рет болып отыр. Мен алғашқы болып осындай басатамаға мұрындық болғаныма өте қуаныштымын»,- деді Гүлбану Төлегенқызы. 
105
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!