Главная | Маңғыстау жаңалықтары
Ақтауда 600 млн теңгеге жуық заңсыз сатып алудың жолы кесілді
Маңғыстауда бюджет қаражатын негізсіз жұмсау деректері әшкереленді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзу фактілерін анықтады.
«Атап айтқанда, Ақтау қалалық тұрғын-үй комуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы заңсыз бір көзден 592 млн тг мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған. Бұдан басқа, Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен Бейнеу ауданы Тұрыш ауылының әкімі орындалмаған жұмыстар үшін 29,5 млн тг бюджет қаражатын төлеген. Прокуратура актісінің негізінде заң бұзушылықтар жойылды»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін, атқарып отырған лауазымдарына толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі жауаптылыққа тартылды.
58
Басты жаңалықтар
Танымал
28.05.2026 20:58
28.05.2026 20:08
28.05.2026 18:48
28.05.2026 18:25
28.05.2026 17:10
28.05.2026 17:00
28.05.2026 16:09
28.05.2026 14:57
28.05.2026 14:52
28.05.2026 14:42
28.05.2026 14:19
28.05.2026 14:08
28.05.2026 12:51
28.05.2026 12:47
28.05.2026 11:29
28.05.2026 10:55
27.05.2026 22:28
27.05.2026 15:08
27.05.2026 11:08
27.05.2026 09:00
26.05.2026 14:58
25.05.2026 10:00
22.05.2026 14:47
22.05.2026 09:00
22.05.2026 15:48
25.05.2026 14:05
25.05.2026 17:05
25.05.2026 15:44
27.05.2026 15:08
22.05.2026 13:17
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев