Түпқарағандық жастар қалдықтары жинау және өңдеу мәселелерін талқылады
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі студенттер арасында экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында семинар өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің хабарлауынша, шараға жастар, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Семинарда қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында өткізілген шаралар, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық мәдениет пен өңірдің табиғи ерекшеліктеріне қатысты ақпаратпен танысты.
Жастар қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды жинау, бөлу және қайта өңдеу мәселелері бойынша пікір алмасып, күнделікті өмірлеріне экологиялық әдеттерді енгізуді талқылады.