Ақтауда оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға арналған іс-шара өтті
Ақтаудағы NІS мектебіндегі «Рухани-адамгершілік тәрбие» апталығы аясында жатақхана оқушыларының қатысуымен «Book Time: шабыт алаңы» атты READx іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның басты мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, ойлау мәдениетін дамыту және өз пікірін білдіруге үйрету.
Шара барысында түрлі жанрдағы кітаптар таныстырылып, оқушылар белсенді түрде қатысып, әр шығарма бойынша өз таңдауларын «ОҚИМЫН» және «ОЙЛАНАМЫН» карточкалары арқылы білдірді. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқыған кітаптары туралы еркін ой бөлісуіне мүмкіндік берді.