Otpan News Logo

Маңғыстауда полиция бет-әлпетті жабуға қатысты заң талаптарын түсіндіріп жатыр

Маңғыстауда полиция бет-әлпетті жабуға қатысты заң талаптарын түсіндіріп жатыр

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері тұрғындарға бет-әлпетті жабуға қатысты заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Полиция департаментінің мәліметінше, шараға экстремизмге қарсы іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының қызметкерлері де тартылған. Олар халық көп шоғырланатын орындарды аралап, азаматтарға қоғамдық орындарда адамның жүзін толық немесе жартылай жасыратын киім киюге қойылатын шектеулерді түсіндіріп жатыр.


Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл талаптар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті күшейту мақсатында енгізілген.


Сондай-ақ полиция бұл шектеулердің қандай да бір діни көзқарасқа қарсы бағытталмағанын атап өтті. Негізгі мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту.

39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!