Otpan News Logo

Бейнеуде «Жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті

|
27.04.2026 12:30
Бейнеуде «Жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті

Бейнеу ауданында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Бейнеу жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл үшінші рет жалауын көтерген ауқымды спорттық додаға ауданның 23 мектебінен 600-ге жақын оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. 


Қатысушылар спорттың тоғызқұмалақ, шахмат, бес асық, асық ату, дзюдо, волейбол, баскетбол және футбол түрлері бойынша жарысты. Әрбір сайыс тартысқа толы өтіп, қатысушылар өз шеберліктері мен дайындықтарын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Қанағат Назарханов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Шоқан Жаулиев құттықтап, марапаттады.  


-Аталған спартакиада – оқушылардың спорттағы жетістіктерін айқындайтын маңызды алаң ғана емес, сонымен қатар олардың өзара тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынас орнатуына зор мүмкіндік беретін тағылымды шара болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Жастардың дені сау, білімді әрі белсенді болуы – еліміздің жарқын болашағының кепілі».


Осы тұрғыда мұндай спорттық іс-шаралардың маңызы айрықша, дейді ұйымдастырушылар.


Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте үздік үштік төмендегідей нәтиже көрсетті. І орынды — «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі», ІІ орынды — «Атамекен жалпы білім беретін мектеп», ІІІ орынды — «Сам жалпы білім беретін мектеп» алды.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!