Otpan News Logo

Көлік жүргізіп келе жатқанда телефон ұстауға болмайды: Камералар қалай тексереді?

|
27.04.2026 10:53
Көлік жүргізіп келе жатқанда телефон ұстауға болмайды: Камералар қалай тексереді?

Көлік жүргізіп келе жатқанда телефон қолдануға болмайды. Әйтпесе 21 625 теңге айыппұл арқалайсыз. Жол жүру ережесінің 5-бөлімі, 4-тармағына сәйкес, көлік қозғалыста болған кезде жүргізушіге телефонды қолмен ұстап пайдалануға тыйым салынады. Бұл тек сөйлесуге ғана емес, хабарлама жазуға, әлеуметтік желіні қарауға да қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Көлік жүргізушісінің техникалық құралдарын қолдануы автоматты түрде камералар арқылы тіркеледі. Ал жауапкершілікке тариу аатоматты сипатта емес. Яғни материал полиция қызметкерлеріне жіберіліп, бұзушылық көпдеңгейлі тексерістен өтеді. Құқықбұзушылық анықталып, толық дәлелденсе жүргізушіге айыппұл салынады. 


Бірақ телефонды қолмен ұстамай, құлаққап, Bluetooth-гарнитура немесе көліктің ішкі аудиожүйесі арқылы сөйлесіп, Телефон навигатор ретінде арнайы тіреуіште (держатель) тұрса және сіз оны қолмен ұстап басқаруға алаңдамасаңыз ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. 


Көлік жүргізу кезінде телефон қолданғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабы бойынша жаза қолданылады. Бірінші рет – 5 АЕК, яғни 21625тг, ал бір жыл ішінде қайталанса – 10 АЕК, 43250тг айыппұл қарастырылған.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!