Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы электр станцияларын жаңғырту үшін қаржы көлемін 15%-ға арттырды

Ақмарал Берекет
|
26.08.2025 16:03
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы электр станцияларын жаңғырту үшін қаржы көлемін 15%-ға арттырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


– Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергетикалық инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты жаңғырту міндетін қойды. Энергетика секторында тозу дәрежесі жоғары болуын ескере отырып, жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарлы әрі сапалы жүргізілуі қажет. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында электр станцияларын жөндеу мен жаңғырту үшін биылдың өзінде 377 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл өткен жылдан 15%-ға жоғары. Сондай-ақ Үкімет резервінен жылу көздері мен жылу желілерін жөндеуге шамамен 48 млрд теңге қарастырылған, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!