Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Стрессті жеңудің тиімді жолдары»

|
10.11.2025 10:11
«Стрессті жеңудің тиімді жолдары»
/ Fotolia / PhotoXPress

Қазіргі заманғы қарқынды өмір ырғағы мен ақпараттық ағындар адам психикасына бұрын-соңды болмаған қысым түсіріп отыр. Көптеген адамдар күнделікті күйбең тіршілікте өздерін қажыған, ашушаң, немқұрайлы күйде сезінеді. Бұл – стресс жағдайының белгілері. Психологияда стресс – адам ағзасының сыртқы немесе ішкі қысымға (стрессорға) психоэмоционалды және физиологиялық жауап беру процесі деп түсіндіріледі.


Стреске ұшырататын негізгі факторлар: Жұмыс пен оқудағы жүктеме,қаржылық мәселелер , қарым-қатынастағы қиындықтар,жеке тұлғалық ішкі қақтығыстар, болашаққа деген сенімсіздік, ақпараттық шамадан тыс жүктеме (соцжелілер, жаңалықтар және т.б.)

Уақтылы шешілмеген стресс күйі созылмалы түрге ауысып, депрессияға, физикалық ауруларға және өмір сапасының айтарлықтай төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан стрессті басқару – қазіргі адамның маңызды дағдысы болуы тиіс. Ғылыми зерттеулер бойынша, жаттығу кезінде бөлінетін эндорфин гормондары адамның көңіл күйін жақсартады. жаяу серуен, жүгіру, фитнес немесе би – күйзелісті азайтудың қарапайым әрі қолжетімді жолы, күн тәртібінің тұрақты болуы – психологиялық тұрақтылықтың негізі. Уақтылы ұйқы, демалыс және жұмыс режимі адамның күйзеліске қарсы тұру қабілетін арттырады.


Күйзелісті іште сақтау қауіпті. Сенімді адаммен сөйлесу, күнделік жүргізу немесе маман-психологқа жүгіну – эмоционалдық жүктемені жеңілдетеді.


Хобби немесе шығармашылықпен айналысу (сурет салу, кітап оқу, музыка тыңдау, тігу, аспаздық және т.б.) – стресс деңгейін айтарлықтай төмендететін құрал.Сонымен қатар медитация және релаксация әдістері миды тыныштандырады. Айналадағы адамдардың, жаңалықтардың, әлеуметтік желідегі контенттің сапасы – сана күйіне тікелей әсер етеді. Уақытша ақпараттық детокс жасап, өзіңізге жақын, жылы ортада болуға тырысыңыз.


Қорытындылай келе, стресс – қазіргі қоғамның бөлінбес бір бөлігі. Одан толықтай арылу мүмкін болмағанымен, оны басқару – әркімнің қолындағы әрекет. Психологиялық тұрақтылық пен ішкі тыныштық – өмірдің барлық саласында табысты болудың іргетасы. Уақытында қабылданған шаралар денсаулықты сақтап, өмір сапасын арттырады. Қажет жағдайда кәсіби маманға жүгінуден тартынбаңыз.


Психолог : Д. Х. Джумабаева

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!