«Суицидтің алдын алу жолдары»
Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің психологиялық жай-күйі үлкен назар аударуды қажет етеді. Соңғы жылдары балалар мен жеткіншектер арасында күйзеліске, жалғыздыққа, өз-өзіне сенімсіздікке байланысты мәселелер жиілеп кетті.
Бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның ортақ мәселесі. Жасөспірім кезең сезім мен ойдың, ізденіс пен күмәннің тоғысқан шағы. Осындай кезеңде әр балаға қолдау, түсіністік және жылы сөз ауадай қажет. Өкінішке орай, кейде ата-ана, мұғалім немесе достар баланың ішкі жанайқайын байқамай қалуы мүмкін. Ал дәл сол сәтте айтылған бір жылы сөз, назар аудару немесе бірге әңгімелесу баланың өмірін сақтап қалуға үлкен мүмкіндік.
Суицидтің алдын алу үшін ең бастысы — тыңдай білу, түсіне білу және қолдау көрсету. Мектептерде психологиялық сенім бұрыштарын, тренингтер мен ашық әңгіме сағаттарын ұйымдастыру — өте маңызды. Әрбір оқушы өз өмірінің мәнді екенін, оны бағалайтынын сезінуі керек.
Суицидке бейімділігі бар көптеген адамдар психикалық аурумен ауырмайды, ал психикалық ауытқулармен өмір сүретін көптеген адамдар өз өмірін жоғалтқысы келмейді.
Суицидке толы дағдарыстық жағдайларда өткір психологиялық стрестің, созылмалы ауырсынудың, зорлық-зомбылық тәжірибесінің, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік факторлардың болуы сияқты бірқатар себептік және ілеспе факторларды ескеру қажет. Суицидтік мінез-құлықтың қарапайым түсіндірмесі жоқ. Бұл ешқашан жалғыз факторға немесе оқиғаға байланысты емес.
Адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар өте көп және күрделі. Суицидтік мінез-құлықтың себептерін түсінуге тырысқанда физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік оқиғаларды, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени факторларды ескеру қажет. Суицидке әкелетін себептер көп және әр түрлі болуы мүмкін. Олардың ішінде, психологиялық мәселелер, мысалы, депрессия, мазасыздық, үмітсіздік сезімі, отбасылық қиындықтар, отбасында түсініспеушілік, зорлық-зомбылық, әлеуметтік оқшаулану, достар мен жақындардың жетіспеушілігі,қаржылық қиындықтар мен жұмыссыздық, денсаулық жағдайлары және ауыр сырқаттар болуы мүмкін. Суицидтің алдын алу үшін бірнеше маңызды шаралар бар адамдармен ашық сөйлесіп, өз сезімін ашық айтып, қиындықтарымен бөлісу адамға жеңілдік береді.
Сондықтан достарымызға, жақындарымызға қолдау көрсету керек. Психологиялық көмек алу жолына тоқталатын болсам, адамда қиындықтар болса, ол мамандарға – психологтар мен психиатрларға жүгінуі тиіс. Олар кәсіби көмек береді. Қандай қиын жағдай болса да қиыншылықтарға тап болған адамды қолдап, оның мәселесін бірге шешуге тырысу қажет.
Мектептерде, университеттерде және жұмыс орындарында суицидтің алдын алу туралы сабақтар өткізу маңызды.
Психолог Д.Х. Джумабаева