Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Таза Қазақстан»: Ақтауда 100 түп ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Ақтауда 100 түп ағаш отырғызылды

Ақтауда күзгі ағаш отырғызу маусымы аясында кезекті экологиялық акция өтті. Аталған шара 12-шағынауданда ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аумаққа ясин, клён, акация және өзге де жапырақты ағаш түрлерінен барлығы 100 түп ағаш отырғызылды. Іс-шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасарлары, қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, сондай-ақ мемлекеттік және мердігер мекемелердің өкілдері белсене қатысты.


Қазіргі уақытта біз күзгі кезеңге бейімделген ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл көшеттер Маңғыстау облысының құрғақ климаттық жағдайына төзімді. Биіктігі 4–4,5 метрге дейін жететін ағаштар арнайы технология бойынша, органикалық және минералды тыңайтқыштар араластырылған топыраққа егілуде, — деді «Green City Aktau» ЖШС директорының орынбасары Ақжол Сандыбеков.


Айта кетейік, бұған дейін 1-шағынауданда тұрғындардың ұсынысы бойынша биіктігі 3 метрден асатын 50 түп акация ағашы отырғызылды.

98
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!