Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда жас теңізшілер әскери ант қабылдады

Ақтауда жас теңізшілер әскери ант қабылдады

Ақтауда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің №29011 әскери бөлімінің 186 жас матросы әскери ант қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Салтанатты шара 15-шағынаудандағы «Амфитеатр» алаңында өтті. Іс-шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, әскери бөлімнің басшылық құрамы, сарбаздардың ата-аналары мен туыстары, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты.


Әскери-теңіз базасының командирі, 1-дәрежелі капитан Есенғали Байботаев жас теңізшілерді ант қабылдау рәсімімен құттықтады.


Ақтау қаласының теңіз жағалауында тарихи сәт орын алып отыр. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан келген жас матростарымыз әскери борышын өтеуге ресми түрде ант қабылдады. Елімізге адал қызмет ететін нағыз патриот сарбаздарды тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Әрбір жас сарбаздың аман-есен қызметін абыроймен атқарып, елге оралуын тілейміз, — деді ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері, Әскери-теңіз базасының командирі 1-дәрежелі капитан Есенғали Байботаев.


Шара соңында жас матростар қонақтар алдында қоян-қолтық ұрыс элементтері мен саптық дайындық әдістерін көрсетіп, көзді байлау арқылы автоматты шашып жинады.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!