Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

|
10.11.2025 09:48
Маңғыстаулық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

Қытай Халық Республикасында өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында «Деректерді талдау және визуализация» құзыреттілігі бойынша ел намысын қорғаған маңғыстаулық студент жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Габбас Сағыныш әлемдік деңгейдегі додада ІІІ орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды.


“Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан. Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін «Болашақ технологиялар мен дағдылар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды”,- деп бөлісті ҚР Оқу-ағарту министрлігі. 


Сонымен қатар тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлауда.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!