Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық самбошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Маңғыстаулық самбошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Маңғыстаулық самбошы Нұрсұлтан Жұбатқан Бішкекте өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысы самбо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Жұбатқан 58 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Алғашқы белдесуде ол АҚШ спортшысын айқын басымдықпен жеңді. Екінші айналымда қырғыз балуанынан басым түсті. Үшінші кездесуде самбодан әлем чемпионы, тәжікстандық Акмаладин Каримовты ұтып, финалға жолдама алды.


Шешуші белдесуде ол ресейлік спортшымен күш сынасты. Белдесу 4:0 есебімен Нұрсұлтанның пайдасына аяқталғанымен, төрешілер жеңісті Ресей спортшысына берді. Соған қарамастан, маңғыстаулық балуанның өнері мен ерік-жігері көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.

75
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!