SOFIEMEDGROUP клиникасында заманауи TLIF операциясы сәтті жүргізілді
Ақтаудағы SOFIEMEDGROUP клиникасында заманауи TLIF операциясы сәтті жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Бел аймағындағы созылмалы ауырсыну мен қозғалыстың шектелуі көбіне омыртқадағы елеулі дегенеративті өзгерістермен байланысты. Консервативті емдеу әдістері нәтиже бермеген жағдайда, тиімді шешім ретінде TLIF (Transforaminal Lumbar Interbody Fusion) нейрохирургиялық операциясы ұсынылады.
SOFIEMEDGROUP клиникасында бұл операция минималды инвазивті METRx жүйесін қолдану арқылы сәтті орындалды. Аталған технология бұлшықеттерді кеспей, тек ұқыпты ажырату арқылы хирургиялық араласуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде тіндердің табиғи құрылымы сақталып, операциялық жарақат көлемі азаяды.
METRx жүйесін қолданудың арқасында операция уақыты қысқарып, операциядан кейінгі ауырсыну деңгейі төмендейді, ал науқастың қалпына келу кезеңі жеңіл өтеді. Пациенттер алғашқы күндерден бастап қозғала алады.
Операция барысында зақымдалған омыртқааралық диск алынып, жүйке құрылымдарына түсетін қысым жойылды. Сонымен қатар омыртқа заманауи имплантаттардың көмегімен тұрақтандырылды.
Аталған хирургиялық ем міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) аясында жүргізіледі. Бағыттаманы учаскелік дәрігерден тегін алуға болады. Емдеу стационар жағдайында, барлық медициналық стандарттарға сай көрсетіледі.