Otpan News Logo

Сарға ауылында ауызсу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

|
06.11.2026 14:53
Сарға ауылында ауызсу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданына жұмыс сапары барысында Сарға ауылындағы су тазарту ғимараты мен ауылішілік су құбыры желісінің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қазір нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Атап айтқанда, су тазарту ғимараты құрылысының 85 пайызы, ауылішілік су құбыры желісін тарту жұмыстарының 95 пайызы, ал абаттандыру жұмыстарының 90 пайызы аяқталған.


Жоба аясында ауыл аумағындағы су құбыры желілері толық тартылып, тұрғын үйлерге дейін жеткізілген. Сонымен қатар сорғы станциясының құрылысы аяқталып, қажетті жабдықтар орнатылған. Қазіргі уақытта қалған құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды пайдалануға беруге дайындау жұмыстары пысықталып жатыр.


Құрылыс жұмыстарын «Альянс ЛТД» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Нысанды биылғы жылдың желтоқсан айында толық аяқтау жоспарланған.


Жоба іске асқаннан кейін Сарға ауылының тұрғындары орталықтандырылған ауызсумен толық қамтамасыз етіледі. Бұл ауыл халқының тұрмыс сапасын арттырып, елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.


Облыс әкімі жауапты мекемелер мен мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды, орнатылған жабдықтардың талапқа сай жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!