Қоғамдық тыңдау өтеді
«Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 29-бабына сәйкес «2027-2029 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» жобасы бойынша ашық жиналыстар түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 ж. 10 желтоқсан, сағат 10:30-да.
Өтетін орны: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 34 ш / а, Достық үйі.
Әзірлеуші мемлекеттік орган: «Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, эл. пошта: moup@mangystau.gov.kz. телефон 8-(7292)-46-21-31, ішкі нөмір:1210., Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат.
Құжаттамамен бірыңғай экологиялық порталда https://ndbecology.gov.kz/ және Басқарманың ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-eco/ танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ tabigat@mangystau.gov.kz поштасына қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО сайтында ұсынылатын болады.
Онлайн қосылу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/86477521991?pwd=Ws97xLaQ3qnyxUVLKHNSOBEwZpcUec.1 (ZOOM)