Otpan News Logo

Ақтауда балаларға арналған шығармашылық акция өтті

|
06.11.2026 15:26
Ақтауда балаларға арналған шығармашылық акция өтті

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсетуге бағытталған «Қуанышты күн» акциясы өтті. 


«Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара аясында №2 арнайы мектептің тәрбиеленушілеріне «Алақан» креатив студиясы демеушілік қолдау көрсетіп, сурет салу бойынша шығармашылық сабақ ұйымдастырлды. 

 

Маңғыстау облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық келісім басшысының орынбасары Мереке Боранова іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау және қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге бағатталғанын атап өтті. 


«Іс-шара барысында балалар еркін форматта қылқалам мен бояуларды пайдаланып, өз қиялындағы бейнелерді қағаз бетіне түсіреді. Бұл олардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді,» - деді ол. 


Кездесу соңында ұйымдастырушылар балаларға танымдық кітаптарды сыйлады. Шығармашылыққа толы кездесу балаларға ерекше қуаныш сыйлаумен қатар, олардың сурет салуға деген ынтасын арттырды.

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!