Otpan News Logo

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа бағыты

|
06.11.2026 11:06
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа бағыты

Жаңа Конституция еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды құжат деп есептеймін. Құрылыс саласының өкілі ретінде Ата Заңдағы еңбек адамының мәртебесін көтеру, кәсіпкерлікті қолдау, меншік құқығын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттарды толық қолдаймын.


Құрылыс саласының дамуы ел экономикасының өсуімен, жаңа жұмыс орындарының ашылуымен және халықтың өмір сапасының артуымен тығыз байланысты. Бұл бағытта тұрақты заңнамалық орта қалыптастыру, отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету және инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау маңызды. Жаңа Конституция осы міндеттерді жүзеге асыруға қажетті құқықтық негізді нығайтады деп сенемін.


Сонымен қатар еңбек адамының құқығын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және әр азаматқа тең мүмкіндік беру – қоғам дамуының басты шарттары. Өйткені елдің өркендеуі ең алдымен адал еңбек пен жауапкершілікке негізделеді.


Менің ойымша, еліміз таңдаған жаңа бағыт – уақыт талабына сай дұрыс шешім. Ең бастысы, Конституцияда бекітілген қағидаттар нақты іспен жалғасып, әрбір азаматтың өмірінен көрініс табуы керек. Жаңа Ата Заң еліміздің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына қызмет етеді деп сенемін.


Берік Берекетұлы,

құрылыс саласының өкілі

2
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!