Otpan News Logo

Конституцияға адалдық – болашаққа деген сенімнің кепілі

|
06.11.2026 09:51
Конституцияға адалдық – болашаққа деген сенімнің кепілі

Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі, ел бірлігі мен тұрақтылығының негізі. Менің ойымша, Конституция – жай ғана заңдар жинағы емес, ол әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын, қоғамдағы әділдік пен теңдікті қамтамасыз ететін маңызды құжат.


Конституциямыз біздің тегін білім алуымызға кепілдік береді.

 

33-бапта «Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және негізгі орта білім мiндетті», деп жазылған. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар» деп жазылған. 


Мен де осы мүмкіндікті пайдаланып, өзімнің сүйікті мамандығымда білім алуыма жағдай жасаған еліме алғысымды айтамын. Мен де алған білімімді елімнің көркеюіне жұмсаймын.


Конституцияны құрметтеу – өз еліңді, Отаныңды құрметтеу деген сөз. Себебі заң үстемдік құрған мемлекетте тәртіп те, тұрақтылық та, даму да болады. Әрбір азамат өз құқықтарын біліп қана қоймай, өз міндеттерін де жауапкершілікпен орындауы қажет. 


Сондықтан Конституцияның маңызын түсіну және оның талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Заңға құрмет – елге құрмет, ал Конституцияға адалдық – болашаққа деген сенімнің кепілі!


Қарлығаш Құрамысова,

“ForteBank” АҚ 

Мемлекеттік тілді дамыту тобының сарапшысы

11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!