Жаңаөзенде ерекше инсталляция ашылды
OTPANNEWS.KZ. - Жаңаөзен қаласындағы «Болашақ» сарайында «Кемелденудің жеті шеңбері» философиялық идеясына арналған символдық инсталляция-ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі Сымбат Төретаев, идея авторы, ақын, философ Мұратхан Шоқан, Алматы қаласынан арнайы келген зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты.
«Кемелденудің жеті шеңбері» идеясы Мұратхан Шоқанның «Жаратылыснама» еңбегінде негізделген. Философиялық тұжырым адамның өзін тануынан басталып, отбасы, қоғам, ұлт, адамзат және тұтас жаратылыс алдындағы жауапкершілігін сезінуге дейінгі рухани даму жолын бейнелейді.
Шара барысында қала әкімі мен арнайы қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, бастаманың рухани-мәдени маңызына тоқталды. Сонымен қатар Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев пен бірқатар қоғам қайраткерлерінің құттықтау хаттары оқылды.
Жаңа нысан қаланың мәдени кеңістігін толықтырып қана қоймай, тұрғындарды ізгілікке, парасаттылыққа және адамдық жауапкершілікке үндейтін тағылымды орынға айналмақ.