Otpan News Logo

Баяндыда Отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша шеберлік сағаты өтті

|
05.12.2025 16:27
Баяндыда Отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша шеберлік сағаты өтті

Баянды ауылында «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Іс-шара жас ата-аналар арасында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Арнайы басқа аймақтардан шақырылған спикерлер өзекті ойларымен бөлісіп, қатысушылармен ашық диалог құрды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Кездесуге ауыл тұрғындары, соның ішінде жастар қатысты. Алғаш сөз алған ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы мұндай шеберлік сағатын өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.


- Біз отбасылық құндылықтарға арналған осындай іс-шараларды Маңғыстау облысының шалғай аудандары мен ауылдарында ұйымдастырамыз. Басты мақсат – отбасы институтын нығайту, жастарды тәрбиелеуді қоса алғанда, қоғам үшін өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу. Бүгінгі шеберлік сағаты да осыған бағытталған, - деп атап өтті МО Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева.


Кездесуге Атырау облысы Әкелер кеңесінің төрағасы Шота Қуанышұлы және ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай шақырылды. Екі спикер де отбасылық құндылықтарға қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, аудиториямен кері байланыс орнатты. Іс-шараның негізгі ойы – қарым-қатынасты дұрыс құруды үйрену.


Қоғамда тұлға болып қалыптасу, лайықты өмір сүру, адамдармен қарым-қатынас құруды үйрену – кейде отбасыда да, ұжымда да ақсап жатады. Шеберлік сағатының негізгі тақырыбы да осы мәселені шешуге арналған. Бірақ мен бәрінің түбірі дұрыс қарым-қатынастан бастау алатынын атап өткім келді. Осыны аудиторияға жеткізе алдым деп ойлаймын, - деді ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай.


Жиын соңында қатысушыларға америкалық автор Рэйчел Луиз Снайдердің «Сырты бүтін» атты кітабы сыйға тартылды. Басылымда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны құқықтық реттеу туралы маңызды мәліметтер келтірілген.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!