Otpan News Logo

Енді еліміздің үздік кәсіпкерлеріне «Мейірім» ордені табысталады

|
05.12.2025 16:24
Енді еліміздің үздік кәсіпкерлеріне «Мейірім» ордені табысталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамға үлес қосып, әлеуметтік жауапкершілік танытқан кәсіпкерлергк арнайы орден тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. 


«Бүгін еліміздің бизнес қауымдастығы үшін өте маңызды күн деуге болады. Біз биыл да қалыптасқан дәстүрге сай «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттап жатырмыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет деп санаймын. Мемлекет Сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын”,- деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. 


Биылдан бастап 29 қазан «Қазақстан кәсіпкерлері күні» болып ресми түрде бекітілді. 


Сонымен қатар Президент жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдады. Келесі жылдан бастап қоғамға пайдасын тигізіп жүрген бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады. Бұл еліміздегі барша бизнес өкілдеріне деген айрықша құрметтің белгісі болмақ.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!