Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзенде тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне барды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарында жеке қабылдауына кезектілік тәртібімен жазылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне барып, мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қабылдау – бұған дейін тұрғындармен өткен кездесуде халықтың әлеуметтік осал топтарына өзі барып қабылдайтынын айтқан уәдесінің орындалуы.
Кездесуде азаматтар қолжетімді орта қалыптастыру, көпқабатты үйлердің төменгі қабаттарына көшіру, үй жағдайында күтім көрсететін арнайы әлеуметтік қызметшілерді көбейту сияқты мәселелерді көтерді. Әсіресе, арбаға таңылған азаматтар тұрғын үй қабаттарының қолайсыздығы мен күнделікті қозғалыс қиындықтары туралы айтты.
Облыс әкімі тиісті басқарма мен қала әкімдігіне тұрғын үй, әлеуметтік көмек, инватакси қызметін кеңейту және қолжетімді орта қалыптастыру бойынша нақты тапсырма берді.