Otpan News Logo

Иран кәсіпкерлерінің Маңғыстауда бірлескен экономикалық аймақ құру ұсынысын қолдаймыз — Тоқаев

|
11.12.2025 15:05
Иран кәсіпкерлерінің Маңғыстауда бірлескен экономикалық аймақ құру ұсынысын қолдаймыз — Тоқаев
Ақорда

Қазақстан Иран кәсіпкерлерінің Маңғыстау облысы аумағында бірлескен еркін экономикалық аймақ құру туралы ұсынысын қолдайды. Бұл туралы Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианмен келіссөздер қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме жасап.


— Біз Иранды Оңтүстік-Шығыс Азияға және Африка құрлығына шығатын қақпа ретінде қарастырамыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Иран басшылығына Бендер-Аббас қаласындағы Шахид-Раджаи портынан Қазақстанға жер телімін бергені үшін шынайы ризашылығымды білдірдім. Бұл қадам екі ел ықпалдастығын одан ары нығайта түсетіні сөзсіз, — деді Мемлекет басшысы.


Президент өңіраралық байланыстар өзара ынтымақтастыққа тың серпін беруге тиістігін баса айтты.


— Қазір Қазақстанның бірқатар облысы мен Иранның провинциялары арасында серіктес қатынас орнаған. Біз Иран кәсіпкерлерінің Маңғыстау облысы аумағында бірлескен еркін экономикалық аймақ құру туралы ұсынысын құптаймыз. Бұл қадам Қазақстанда Иран шикізатынан дайын өнім жасауға, оны аймақ елдеріне таратуға мүмкіндік береді деп сенеміз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

75
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!