Otpan News Logo

«Ауыл» партиясы үздіктерді марапаттады

|
11.12.2025 20:50
«Ауыл» партиясы үздіктерді марапаттады

«Ауыл» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы 2025 жылда Партия бастамасымен жүзеге асқан маңызды жобалар мен үздік еңбеккерлердің еңбегін елеп, марапаттады.


Шарада өңірдің әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ұйымдарға ерекше көңіл бөлді.


Биыл партия бірнеше ірі бастамаларды іске асырды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығын насихаттауға бағытталған «Аграрлы Қазақстан» тележобасы. Бұл жоба аясында аймағымыздың 5 ауданында түсірілім жүргізілді. Үлкен жұмыстар атқарылды. Жобаның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан үздік медиа мамандар марапатталды.


Президент Жарлығымен 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланған еді. Осы орайда "Ауыл" партиясы бұл бастаманы қолдау мақсатында «Еңбек Адамы» жобасын енгізді. Бұл өндіріс, энергетика және ауыл шаруашылығындағы еңбеккерлердің үлесін дәріптеуге арналған ерекше жоба болды.

Бұдан бөлек, «Ауыл Ойындары» және «Ауыл Нақыштары» жобалары да өз қолдаушылары мен жеңімпаздарын анықтады.Үздіктер қатарында Жаңаөзен колледжі мен өнер қайраткерлері. Аталмыш жобалар мәдениет пен спортты қолдауға арналған.

Сонымен қатар «Кітап – Руханият Өзегі» жобасы аясында білім мен руханият саласының өкілдері құрметке ие болды.


Адам өмірін алып қалуға арналған партияның ерекше жобаларының бірі - «Мен Донормын». Мейірімділік пен басқа жанға жанашыр болуды дәріптеп, донорлықты ілгерілетіп жүрген қан орталығының мамандары марапатталды.


Ал, студенттік Жастар Жасағы мен Агрохакатон жобалары жастардың кәсіби дамуына серпін берді. Жоба аясында жас инноваторлар мен колледж басшылығының үлесі атап өтілді.


Сонымен қатар партия ардагерлері, қоғамдық ұйым төрағалары, мәдениет, ветеринария, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру саласының белсенді мамандары да арнайы марапатталды.

16
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!