Otpan News Logo

Маңғыстау мен Батыс Қазақстан өңірлері ауылшаруашылық саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ

|
12.12.2025 09:00
Маңғыстау мен Батыс Қазақстан өңірлері ауылшаруашылық саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ

Ақтауда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов бастаған делегация өңірдегі ірі мұнай-газ компанияларының өкілдерімен кездесті. Жұмыс сапары аясында тараптар агроөнеркәсіптік және өндірістік салалардағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендерін білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Басқосуда Маңғыстау мен Батыс Қазақстан арасындағы әріптестіктің жаңа кезеңі талқыланды. Бұған дейін сәуір айында өңірдің ауыл әкімдерінен құралған делегация Батыс Қазақстанда болып, ауыл шаруашылығындағы оң тәжірибелермен танысқан еді. Бүгінгі кездесуде сол байланысты тереңдетіп, екіжақты іскерлік қарым-қатынасты дамыту жайы сөз болды.  


– Бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты – өңіраралық әріптестікті нығайтып, жергілікті тауар өндірушілерге нақты қолдау көрсету. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында ауқымды тәжірибеге ие, біз бұл тәжірибені үйренуге, тиімді жобаларды бірге жүзеге асыруға дайынбыз. Алдағы уақытта екі өңір арасында нақты бірлескен жобалар іске асады деп сенемін, – деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырбек Тәжімұқанов.


Айта кетейік, Маңғыстау – мұнай-газ секторы үшін өнім өндіруге бағытталған өңдеу өнеркәсібі дамыған өңір. Сондықтан жергілікті қамтуды дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау – кездесудің басты мақсаты болды.

37
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!