Otpan News Logo

Кендірлі ауылында жаңа әкімдік ғимараты ашылып, қызметтік көліктер табысталды

|
12.12.2025 10:06
Кендірлі ауылында жаңа әкімдік ғимараты ашылып, қызметтік көліктер табысталды

11 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары барысында Кендірлі ауылында салынған жаңа әкімдік ғимаратының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жаңа нысан – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген «ауыл әкімдіктерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету, халықпен ашық байланыс орнату және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» бағытындағы міндеттерді іске асыруға арналған маңызды қадамдардың бірі. Заманауи талаптарға сай салынған әкімдік ғимараты тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді жақсартуға, ауылдық басқару жүйесінің жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді.


Салтанатты рәсімде ауылдың ардагерлері жаңа нысанның лентасын қиып, игі тілектерін жеткізді. Одан кейін қонақтар ғимараттың ішкі бөлмелерін аралап көрді.


Сондай-ақ іс-шара аясында төрт ауыл әкімдігінің (Кендірлі, Қызылсай, Теңге, Рахат) материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды. Бұл бастама ауыл әкімдерінің халықпен байланысын күшейтіп, күнделікті жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.


Жиын барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жаңа әкімдік ғимаратының ашылуымен құттықтап, оның ауыл дамуы үшін маңызын атап өтті. Ол жаңа нысан халыққа сапалы қызмет көрсетіп, ауыл өмірін одан әрі жақсартуға үлес қосатынына сенім білдірді.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!