Otpan News Logo

Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді

|
12.12.2025 11:00
Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді
Фото: Sputnik

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылы 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады otpannews.kz.


Не өзгереді?


Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — есепшотқа 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен ақшаны кәсіпкерлік табыс белгілері бар шот деп есептесе, енді жаңа өзгеріс бойынша дәл сол 3 айда 100 немесе одан да көп адамнан түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) көп болуы керек.


Қай кезде кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?


Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда 100 әртүрлі адамнан ақша түссе және оның жалпы сомасы 12 ЕТЖ-дан асса, онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар деп есептеледі. Айта кетейік, еліміздегі ең төменгі жалақы - 85 мың теңге. Ал оның 12 еселенген мөлшері - 1 млн 20 мың теңге. 


Кімдер бақылауға алынады?


Егер шотыңызда жоғарыда аталған өлшемшартқа сәйкес операциялар жүрсе, банк сіздің деректеріңізді кірістер органдарына береді. Кірістер органы шот бойынша камералдық бақылау жүргізеді, егер бизнес белгілерін анықтаса, азаматқа салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы ескерту-хабарлама жібереді. Азамат ескертуге келіссе, 30 жұмыс күні ішінде салық есептерін тапсырып, табыс салығын төлеуі керек. Ал келіспеген жағдайда, тиісті органға дәлел құжаттары мен түсініктеме хатын жолдауы қажет.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!