Маңғыстаулық боксшы әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
Ашық дереккөзден
Бокстан әлем чемпионатына барған маңғыстаулық боксшы Санатәлі Төлтаев ширек финалда есе жіберді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жартылай финалға шығар жолда жерлесіміз Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхужаев 1:4 есебімен жеңілді.
Осылайша ұлттық құрама мүшесі ІВА ұйымдастырған әлем біріншілігін екінші рет ширек финалдан аяқтап отыр. Ол 2021 жылы Сербияда өткен чемпионаттың ширек финалына дейін жеткен еді.
Айта кететін жайт, Санатәлі Төлтаев жақында Семейде өткен ел чемпионатында топ жарған болатын. Енді ұлттық құрама мүшесі ІВА чемпионатында ширек финалға шыққаны үшін қауымдастық атынан 10 мың АҚШ долларын иеленеді.
60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев