Otpan News Logo

Ақтауда облыстық мәслихат аппараты интерактивті ақпараттық киоскіні іске қосты

Ақтауда облыстық мәслихат аппараты интерактивті ақпараттық киоскіні іске қосты

Ақтауда облыстық мәслихат аппараты цифрландыру бағытындағы маңызды қадам ретінде жаңа ақпараттық киоск қондырғысын іске қосты. Интерактивті құрылғыда 1994 жылы алғашқы мәслихат құрылған кезеңнен бүгінге дейінгі облыстың саяси тарихы мен мәслихат депутаттарының қызметі қамтылған, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақпараттық киосктен өңір дамуына үлес қосқан тұлалар туралы мәліметтерді, олардың атқарған еңбегін, қабылданған шешімдер мен тарихи сәттерді электронды форматта көруге болады.


Маңғыстау теміржол бөлімінің директоры Нажимеден Губашов киоскінің ашылуын ерекше маңызды оқиға деп атап өтті. 


Бүгін облыстық мәслихаттағы үлкен шараның куәсі болып тұрмыз. Ақпараттық киоскінің ашылуы – цифрлық технологияның жаңа қадамы. Мұнда 1994 жылдан бері Маңғыстауға қызмет еткен барлық депутат, олардың ел экономикасын дамытудағы үлестері, тәжірибелі ел басқарған ағалардың еңбектері жинақталған. Осындай азаматтардың еңбек жолының сақталуы болашақ ұрпаққа мол тағылым берері анық, – деді Нажимеден Губашов.


Облыстық мәслихат өкілдерінің айтуынша, бұл бастама өңірдің саяси тарихын сақтап, азаматтарға ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!