Ең қымбат шұжық – Ақтауда

Елімізде бір жыл ішінде шұжық өнімдерінің бағасы 8,3%-ға өсті. Соның ішінде қайнатылған шұжық – 8,9%-ға, жартылай ысталған шұжық – 7,9%-ға, қатты ысталған шұжық – 6,8%-ға қымбаттады, деп жазады otpannews.kz сайты energyprom.kz-ке сілтеме беріп.
Биыл тамызда қайнатылған шұжықтың орташа бағасы келісі үшін 3256 тг, жартылай ысталған шұжықтың келісі 3862 теңге болды. Ал ең жоғары баға Ақтауда байқалды: қайнатылған шұжықтың келісі 4308 теңге, ал жартылай ысталғанының келісі 5114 теңге. Баға Алматы мен Астанада да қымбат. Мұнда қайнатылған шұжықтың келісі 4123 және 3734 теңге болса, жартылай ысталған шұжық 4742 және 5005 т еңге тұрады.
Ең арзан қайнатылған шұжық Қызылордада (2266 тг), Ақтөбеде (2344 тг) және Оралда (2380 тг), ал жартылай ысталған шұжық Ақтөбеде (2657 тг), Жезқазғанда (2903 тг) және Қызылордада (2978 тг) болды.
Energyprom.kz сайтының жазуынша, биыл қаңтар–шілде айларында елімізде 44,5 мың тонна шұжық және ет өнімдері өндірілді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,8% -ға көп. Ал соңғы 10 жылда өндіріс көлемі шамамен 2 есеге өсті.
