Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ядролық қақтығыс қаупі туралы айтты

Гүлмира Аманжолқызы
|
17.09.2025 12:02
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ядролық қақтығыс қаупі туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысында адамзат алдында тұрған қауіп-қатерлер туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды otpannews.kz.


Әлемде конструктивті бастамалар мен бітімгерлік саясаттың орнына конфронтациялық шешімдер күшейіп, геосаяси жіктер кеңейіп, әлеуметтік шиеленіс артып жатыр. Ядролық қақтығыс қаупі алаңдатады. Мұндай Армагеддон ықтималдығы соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейде тұр деп сарапшылар бағалап отыр, - деді Президент.


Президенттің айтуынша, осындай күрделі жағдайда халықаралық аренада диалогты дамыту, өзара жатсынуды еңсеру және сенімді арттырудың басты құралы ретінде конструктивті дипломатия шешуші рөл атқаруы тиіс.


Біз сондай-ақ өркениетаралық алмасуды дамыту мен адамдар мен қоғамдар арасындағы сенімді нығайту үшін ерекше жауапкершілікке ие діни лидерлерге үлкен үміт артамыз. Діни лидерлер әлемді хаос құрдымына кетуден сақтап, көптеген саясаткерлерге парасат, ізгі ниет пен моральдық жауапкершілік туралы еске салу үшін бар күшін салатынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!