Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Еліміздің батысында «Айбалта-2025» оқу-жаттығуы басталды

Гүлмира Аманжолқызы
|
17.09.2025 10:28
Еліміздің батысында «Айбалта-2025» оқу-жаттығуы басталды

Қазақстанның батысында «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды otpannews.kz Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқу-жаттығуға «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері мен құрамалары қатысып жатыр. Әскерилер дабыл бойынша көтеріліп, толық жауынгерлік дайындыққа келтірілді. 


Маневрлерге 3 мыңнан астам әскери қызметші және 1 мыңнан аса қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды. Оның ішінде ұшақтар, тікұшақтар және ұшқышсыз ұшу аппараттары бар.


Оқу-жаттығу төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әскери қызметшілер дабыл жарияланған кездегі іс-қимылды орындап, белгіленген ауданға марш жасап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті.


Практикалық жаттығулар күндізгі және түнгі уақытта өтіп жатыр. Оқу-жаттығу барысында әскер тектерінің өзара іс-қимылы, командалық басқару қабілеті, логистика, тактикалық байланыс және бөлімшелердің күрделі климаттық жағдайда маневр жасау 

тәжірибесі жетілдіріледі.


Негізгі мақсат – әскери басқару органдарының үйлесімділігін арттыру, қазіргі заманғы ұрыс жүргізу әдістерін жетілдіру және жаңа тәсілдерді сынақтан өткізу.


Айта кетейік, «Айбалта-2025» оқу-жаттығуы 3 қазанға дейін жалғасады.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!