Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулықтар Астанада Әбіш Кекілбаев аллеясында сенбілік жасады

|
01.11.2025 16:42
Маңғыстаулықтар Астанада Әбіш Кекілбаев аллеясында сенбілік жасады

Елордада «Астана Опера» театрының қарсы бетінде ашылған Қазақстанның халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев атындағы аллеяға маңғыстаулық жастар сенбілік жасады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл аумақта қарағай, сібір шыршасы, қызыл шетен және ұсақ жапырақты шегіршін секілді 250-ге жуық ағаш отырғызылған. Ел аузындағы деректер бойынша, осы ағаштардың бір бөлігін жазушының өзі көзі тірісінде отырғызған.


Маңғыстау облысының әкімі бастаған делегация Астанада өткен KGIR-2025 жаһандық инвестициялар дөңгелек үстеліне қатысып, аллея аумағында сенбілік ұйымдастырды. Әкімнің айтуынша, бұл бастама – маңғыстаулық ақсақалдардың аллея тағдырына алаңдаушылығынан туындаған.


«Әбіш атамыздың рухани мұрасын жастарға танытып, еңбектің қадірін ұғындыру – біздің парызымыз. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасады», – деді облыс басшысы.

Күн суығына қарамастан, сенбілікке студенттер мен жас еріктілер белсенді қатысты. Еуразия ұлттық университетінің студенті Саламат Ибрагимов өз сөзінде:

«Әбіш атамыздың өнегелі өмірі – әр қазақ жастарына үлгі. Елдің топырағын құрметтеп, қоғамдық іске атсалысу – азаматтық борышымыз», – деп бөлісті.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында 13 қазан мен 26 қараша аралығында «Таза Маңғыстау» 45 күндік экологиялық челленджі өтіп жатыр. Мақсат – экологиялық мәдениетті нығайту және еріктілер қозғалысын қолдау. Қазірдің өзінде 33 ұжым мен 43 жеке қатысушы тіркеліп, күнделікті экологиялық бастамаларын онлайн күнтізбеде жариялап отыр. Жүлде қоры – 7 млн теңге, оның 2 млн теңгесі жеке, 5 млн теңгесі ұжымдық қатысушыларға қарастырылған.

182
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!